Астанадағы өртте адамдарды құтқарған азамат марапатталды
В Астане награжден мужчина, обеспечивший безопасность людей при пожаре
© Photo : МЧС КазахстанаЖазылу
АЛМАТЫ, 20 қыркүйек — Sputnik. Астанада өрт кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азамат марапатталды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.© Photo : Пресс-служба акима АстаныПоследствия пожара в ресторане, расположенном в многоэтажном доме в АстанеПоследствия пожара в ресторане, расположенном в многоэтажном доме в Астане© Photo : Пресс-служба акима АстаныТөтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің бұйрығына сәйкес Айдын Төлеген адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.Айта кетейік, 18 қыркүйекте Достық көшесіндегі мейрамханалардың бірінде өрт шыққан сәтте Айдын Төлеген еш ойланбастан тұрғын үй кешенінің ішіне кіріп, адамдардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесті.© Photo : Пресс-служба акима АстаныПоследствия пожара в ресторане, расположенном в многоэтажном доме в АстанеПоследствия пожара в ресторане, расположенном в многоэтажном доме в Астане© Photo : Пресс-служба акима АстаныОның батыл да жедел әрекетінің арқасында адамдар аман қалды. Бұл әрекеті нағыз ерліктің, адамгершілік пен азаматтық жауапкершіліктің айқын үлгісіне айналды.






