Алматыда 9 мамырда «Мәңгілік даңқ» шеруі өтеді
Шествие Бессмертного полка в Алматы
© Sputnik/Ертай СарбасовЖазылу
Шерудің мақсаты – жеңімпаз халықтың тарихи-батырлық мұрасын сақтауАСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Алматыда 9 мамырда «Мәңгілік даңқы» шеруі өтеді. Бұл туралы Ауғанстан соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесінің басшысы Мұрат Әбдішкүров айтты.Алматы қаласы Ауғанстан ардагерлерінің одағы әкімдікпен келісе отырып, «Батырларға тағзым – мәңгілік жадымызда» патриоттық акциясын ұйымдастырады», — деп жазды Мұрат Әбдішкүров әлеуметтік желіде.Іс-шара өтетін жер – Гоголь көшесіндегі орталық мәдениет және демалыс саябағы. Сол жерде «Жеңіс лентасы» және Қазақстанның мемлекеттік тулары таратылады.Қатысам деушілер сағат 8.30-дан бастап жинала берсе болады. Ал сағат 10.00-де шеру 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағынан басталады, дейді Әбдішкүров.»Мәңгілік алау жанында бүкіл адамзатты ХХ ғасырда фашизмнен құтқарған әкелеріміздің, аталарымыздың, аналарымыздың, әжелеріміздің ерлігіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қоямыз», — дейді Әбдішкүров.Шерудің мақсаты – балалар мен болашақ ұрпақ үшін халықтың тарихи-батырлық мұрасын сақтау.






