«Батырларға тағзым» порталында 705 488 ардагер туралы мәлімет бар
«Батырларға тағзым» порталы таныстырылды
© Photo : Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігіЖазылу
Олардың қатарында 365 Кеңес Одағының Батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры барАСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Мәдениет және ақпарат министрлігі өткен жылы майдангерлер туралы деректерді жинақтауға, жүйелеуге және сақтауға, сондай-ақ олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі жөніндегі ақпаратқа ашық қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған бірегей «Батырларға тағзым» онлайн-порталын іске қосты.Бұл туралы премьердің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты.
"Қазіргі уақытта сайтта 705 488 ардагер туралы мәлімет орналастырылған. Олардың қатарында 365 Кеңес Одағының Батыры, 4 екі мәрте Кеңес Одағының Батыры және 19 "Даңқ" орденінің иегері бар",- деп жазды Балаева.
Айтуынша, батырлар есімін ұлықтау ісіне де айрықша мән берілген. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыстың 500-ден астам ардагерінің есімін көшелер мен даңғылдарға беру туралы шешім қабылданды.Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді 16:48






