Жеңіске тағзым

Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді

Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді © Photo : Астана қаласының әкімдігіЖазылу

Майдангердің құрметіне оркестрмен ән шырқалды АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Астанада соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді. Майдангерді Жеңіс күнімен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, ардагерлер мен оқушылар құттықтады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.© Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді © Photo : Астана қаласының әкімдігіСалтанатты іс-шарада Рзағұл Байкешевке президент атынан алғыс хат табысталды.

"Бүгін біз үшін Отан үшін ауыр жылдарды бастан өткеріп, Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан жанның жанында болу – үлкен мәртебе. Сіздер көрсеткен қайсарлық пен ерлік біз үшін мәңгілік өнеге. Сіздердің арқаңызда біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, тәуелсіз елімізді дамытып келеміз", – деді Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов.

Іс-шара барысында Астана қаласы Мәдениет басқармасының үрмелі оркестрі соғыс жылдарының әндерін орындады. Майдан тақырыбына арналған танымал музыкалық шығармалар орындалып, ардагерге ерекше әсер сыйлады. © Photo : Астана қаласының әкімдігіАстанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді Астанада жалғыз соғыс ардагері Рзағұл Байкешевке құрмет көрсетілді © Photo : Астана қаласының әкімдігіЕң әсерлі сәттердің бірі ардагердің мектеп оқушыларымен кездесуі болды. Оқушылар ардагерге арнап өлең оқып, жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын жеткізді. Іс-шара соңында ардагерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табысталып, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді. Астанада генерал Панфиловтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды16:03

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»