Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтіп жатыр
Кеңес мүшелері жылына бір рет жиналып, консесус негізінде маңызды шешімдер қабылданадыАстанадағы Тәуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды.Отырысқа кеңес мүшелері – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко мен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, ал Арменияның атынан вице-премьері Мгер Григорян қатысып жатыр.Кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың жоғары органы. Оның отырысында интеграцияның басым бағыттары айқындалады. Кеңес мүшелері жылына бір рет жиналады. Сол кезде консесус негізінде маңызды шешімдер қабылданады. Соның барлығы ЕАЭО аймағында міндетті түрде орындауға жатады.Бұдан бөлек, Жоғары кеңестің әрбір отырысында алфавит тәртібімен одаққа келесі жылы төрағалық ететін мемлекет сайланады. Қазір одаққа Қазақстан төрағалық етеді.
Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталдыКеше, 19:38





