Қазақстанда қанша бала бар
Халықаралық балаларды қорғау күнінде республикада қанша бала бар екені, сондай-ақ Қазақстанның қай аймағында бала көп екені туралы ақпарат жарияланды АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы мерекеге орай елдегі балалар туралы мәліметтер жариялады.
"2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18 жасқа дейінгі балалар саны 6 841 527 баланы құрады. Оның ішінде 3,5 миллион — ұл бала, 3,3 миллион — қыз бала. Балалардың 59,7%-ы қалада тұрады", — делінген ведомство хабарламасында.
Қазақстандық статистика мамандарының мәліметінше, жалпы халық санындағы азаматтардың (18 жасқа дейінгі) үлесі 34,1%-ды құрайды.
«Өңірлер бойынша балалардың жалпы санындағы ең көп бала Түркістан облысында тіркелген – халықтың 43,3%-ы 18 жасқа дейінгі балалар. Одан кейін Маңғыстау облысы (41,9%) және Шымкент қаласы (40,6%) тұр», — деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Толығырақ Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіздер. ҚоғамТоқаев қазақстандықтарды Балаларды қорғау күнімен құттықтады09:18






