Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша референдумның басты даталары
Алдағы референдум негізгі 6 кезеңнен тұрадыАСТАНА, 12 ақпан — Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы референдумның негізгі кезеңдерін бекітті.
Комиссияның қаулысына сәйкес, алдағы референдум негізгі 6 кезеңнен тұрады. Олар:12 ақпан-14 наурыз сағат 00:00-ге дейін үгіт-насихат;21 ақпан учаскелік комиссияларының құрамдары және референдум учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді жариялау;22 ақпан дауыс беруге арналған тізімдерді ұсыну;27 ақпан-4 наурыз — азаматтарды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету;12-14 наурыз учаскелік комиссияларға бюллетеньдерді жеткізу;14 наурыз — тыныштық күні;15 наурыз — дауыс беру күні.Жыл басындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда дауыс беруге құқылы 12 416 759 адам болғанИнфографикаҚазақстандықтар қаңтарда қанша күн демалады — инфографика11 Желтоқсан 2025, 13:56






