Астана саябақтарында тегін йога жаттығулары өтеді
Дыхательная практика
© Photo : Фото представлено организаторами Жазылу
Тегін йога сабақтары 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында елорданың алты саябағында аптасына үш рет өткізіледіАСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Астана қаласында алдағы үш ай бойы ашық аспан астында тегін йога жаттығулары өтеді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады, деп хабарлайды елорда әкімдігі.Ұйымдастырушылардың мәліметінше, тегін йога сабақтары 8 маусым мен 8 қыркүйек аралығында елорданың алты саябағында аптасына үш рет өткізіледі.»Жаттығулар барлық жас санатындағы тұрғындарға арналған. Іс-шара толықтай тегін, алдын ала тіркелудің қажеті жоқ. Тек call-center нөміріне хабарласып, өтетін орынның нақты орналасқан жерін білу жеткілікті. Тегін жаттығулар Есіл, Нұра, Алматы, Сарайшық және Байқоңыр аудандарындағы саябақтарда аптасына үш рет — дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 19:00–20:00 аралығында өтеді. Қала тұрғындары өзіне ыңғайлы әрі жақын орынды таңдап, жұмыстан кейін еркін қатыса алады. Сабақтарды кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізеді», — деді басқарманың баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.Йога жаттығулары өтетін орындар:Есіл ауданы — «Жетісу» саябағы;Есіл ауданы — «Самал» саябағы;Нұра ауданы — Орталық қалалық саябақ;Алматы ауданы — «Жерұйық» саябағы;Сарайшық ауданы — Президенттік саябақ;Байқоңыр ауданы — Ататүрік саябағы.Жаттығулардың нақты кестесі мен толық ақпарат Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланып отырады.Жаттығулар бойынша қосымша ақпарат алу үшін: Call-center: +7 (777-62) 1-59-54Айта кетейік, кәсіби йога жаттықтырушылары жүргізетін тегін сабақтар 8 қыркүйекке дейін жалғасады.Еске сала кетейік, елордада 21 маусымда 11-ші Халықаралық йога күні аталып өтеді.Спорт Астанада Run for Autism IV жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді18 Наурыз, 18:50






