Жеңіске тағзым

Астанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты

Астанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты© Photo : ҚТЖ баспасөз қызметіЖазылу

АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. 9 мамыр күні елордадағы теміржол вокзалынан Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған мерекелік пойыздар сапарға аттанды, деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.© Photo : ҚТЖ баспасөз қызметіАстанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықтыАстанада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты© Photo : ҚТЖ баспасөз қызметіАтап айтқанда:№9/10 «Астана – Алматы», №85/86 «Астана – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойыздары,№6803/6804 «Астана – Атбасар», №7502/7501 «Астана – Павлодар», №7507/7508 «Астана – Көкшетау» электр пойыздары арнайы тақырыптық безендірумен жолға шықты.Бұл бастама Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық қаһармандардың рухына тағзым етуге арналады.»Пойыз вагондарына қазақ халқының батыр перзенттері — Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Нүркен Әбдіров, Төлеуғали Әбдібеков, Сағадат Нұрмағамбетов, Қасым Қайсенов, Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің портреттері орналастырылды», — деп жазылған хабарламада.Тақырыптық безендірілген пойыздар мамыр айының соңына дейін қатынайды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»