Астанада 31 желтоқсан күні қандай мерекелік шаралар өтеді
Церемония зажжения ёлок в Астане© Photo : Акимат АстаныЖазылу
Мерекелік концерттер эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтедіАСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл қарасаңында Астананың бірнеше жерінде қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қала әкімдігіне сілтеме жасап.31 желтоқсанда сағат 12.00-ден 13.30-ға дейін бірнеше жерде мерекелік концерт ұйымдастырылады. Олар:Тәуелсіздік даңғылы бойындағы Оқушылар сарайының аумағында;Байқоңыр ауданының Ататүрік саябағында,Нұра ауданындағы Орталық саябақта; Көктал саябағында;Промышленный тұрғын алабында жаңажылдық бағдарлама сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін өтеді.Ал 1 қаңтарға қараған түні үш жерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл концерттер 31 желтоқсанда сағат 21:00-де басталып, түнгі 02:00-ге дейін жалғасады. Өтетін жерлер: қалалық алаң (қала әкімдігінің алдында), «Қазақ елі» монументі мен ЭКСПО алаңының аумағы.Жаңажылдық мерекелік концерттерге отандық эстрада жұлдыздары Алмас Кішкенбаев, Ауree, Еркеш Хасен, Бейбіт Қорған, Қайрат Баекенов, Зарина Омарова, Ильхан Ихсан, Құрмаш Махан, Маржан Арапбаева, Әлішер Кәрімов, сол сияқты Заман және Меломен топтары және басқа да әртістер қатысады.Елорда тынысыАстанада жаңажылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады16:26