Астанада ерлі-зайыптының үстіне автобус аялдамасының әйнегі құлады – видео
Архивтегі сурет
© Sputnik / Абзал КалиевЖазылуЕр адамға ота жасаладыАСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Астананың оң жағалауында автобус күтіп тұрған екі адамның үстіне аялдаманың әйнегі құлады. Полиция сотқа дейінгі тергеу бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оқиға видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Қатты желден аялдамада тұрған егде жастағы адамдардың үстіне шыны құлаған. Зардап шеккендер ерлі-зайыпты болып шықты.Ер адамның жамбасы сынған, оған ота жасалады.Астана қаласының полиция департаменті осы фактіге қатысты түсініктеме берді.»Қылмыстық кодекстің 306-бабы «Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар жасалады», — делінген хабарламада.Тергеу жалғасуда.Аялдамада отырған қызға көлік дөңгелегі тиді – Астанада болған оқиғаның видеосы тарады18 Мамыр, 17:06






