Астанада құрылысы аяқталмаған 10 тұрғын үй пайдалануға беріледі
Более 30 ЖК-долгостроев завершат в Астане в 2023 году
© PhotoЖазылу
500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы боладыАСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Астанада биыл құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үй кешендерінің соңғы бөлігі аяқталады. Бұл туралы қала басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды қалалық әкімдік.Қала басшысы «Араби 2 — Гранитный 2», «Арыстан, 4-блок» мен «Future home» нысандарының құрылыс барысымен танысты. Осы тұрғын үй кешендері 12 жылдан бері тапсырылмай жатыр.»Мысалы, «Араби 2 — Гранитный 2» тұрғын үй кешені 2013 жылы проблемалық нысан деп танылған. Мұнда 200-ге жуық отбасы баспанасын күтіп жүр. «Future home» тұрғын үй кешенінің құрылысы да 2013 жылы басталған. Нысанды Елорда құылыс компаниясына беру кезінде 4 және 7 қабаттар ғана салынған», — дейді Қасымбек.2023 жылы қалада құрылысы ұзаққа созылған 32 тұрғын үй кешені болған. Сол кезде 22 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталды.»Биыл 10 үй қалды, олардың құрылысы осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқталады. Осылайша, қалған 500-ге жуық үлескер отбасы баспаналы болады. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысы мемлекет басшысының тікелей бақылауында», — деп атап көрсетті Астана әкімі.






