Астанада марафонға байланысты бірнеше көше жабылады
Благотворительный забег Run for Autism
© Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу
Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысадыАСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Елордада 7 маусым күні мерейтойлық Astana Half Marathon жарысы өтеді. Осыған байланысты қала көшелерінің бірқатарында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен шамамен 7 мың желаяқ қатысады.6 маусым күні сағат 06:00-ден 7 маусым сағат 18:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс ішінара шектеледі.Жарыс өтетін 7 маусым күні мына учаскелерде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады:Сарайшық көшесі (Р. Қошқарбаев даңғылынан Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін;Д. Қонаев көшесі (Ақмешіт көшесінен «Қазақ радиосы» көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;»Қазақ радиосы» көшесі (Д. Қонаев көшесінен Достық көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;Достық көшесі («Қазақ радиосы» көшесінен Ақмешіт көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 06:50-ге дейін;Ақмешіт көшесі (Сарайшық көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:10-нан 08:10-ға дейін;Ақмешіт көшесі (Бұқар жырау көшесінен Түркістан көшесіне дейін, EXPO халықаралық көрме орталығы маңында) – сағат 06:30-дан 07:25-ке дейін;Түркістан көшесі (Ақмешіт көшесінен Керей, Жәнібек хандар көшесіне дейін) – сағат 06:35-тен 08:15-ке дейін;Түркістан көшесі (Керей, Жәнібек хандар көшесінен Сығанақ көшесіне дейін) – сағат 06:45-тен 08:20-ға дейін;Сығанақ көшесі (Түркістан көшесінен И. Панфилов көшесіне дейін) – сағат 06:48-ден 08:40-қа дейін;И. Панфилов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:00-ден 08:45-ке дейін;Ж. Нәжімеденов көшесі (Ш. Қалдаяқов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін) – сағат 07:14-тен 08:45-ке дейін;Тәуелсіздік даңғылы (И. Панфилов көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін) – сағат 07:00-ден 08:55-ке дейін.Көшелер жарысқа қатысушылардың өтуіне қарай кезең-кезеңімен ашылады. Көлік қозғалысы толықтай сағат 09:00-ге дейін қалпына келтіріледі.Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеруді сұрайды.Astana City Marathon: қандай көшелер жабылады10 Қазан 2024, 19:20






