Астанада мереке күндері қоғамдық көліктер қалай жүреді
Архивное фото автобуса в Астане
© Sputnik / Болат ШайхиновЖазылу
Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүредіАСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. 30 және 31 желтоқсанда елордада автобустар демалыс күнгі кестесі бойынша қатынайтын болады, деп хабарлайды елорда CTS компаниясы.Елорданың қоғамдық көлігі 30 және 31 желтоқсанда таңғы 06:00-ден түнгі 23:00-ге дейін жүреді.1 қаңтарда сағат 06:00–ден 10:00-ге дейін автобустардың 50 пайызы жүреді, сағат 10:00-ден кейін автобустар штаттық режимдегі кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін;2 қаңтар күні – сенбі кестесі бойынша (сағат 06:00-ден — 23:00-ге дейін);3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көлік сенбі күнгі кестесі бойынша жүреді.3 қаңтардан бастап қала маңындағы маршруттар бекітілген кестеге, яғни апта күніне сәйкес штаттық режимде жүреді.






