Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
Антитеррористические учения в Нур-Султане
© Sputnik / Владислав ВодневЖазылуАСТАНА, 27 шілде – Sputnik. 27-28 шілде күндері ҚР терроризмге қарсы күрес орталығының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы Астана қалалық штабы жоспарлы оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.Айта кетейік, терроризмге қарсы оқу-жаттығудың мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың лаңкестік көріністеріне шұғыл әрекет ету бойынша дайындығын тексеру.Штабтың мәліметінше, шектеу шаралары, соның ішінде жаяу жүргіншілер мен көліктердің қозағылысына тыйым салу жоспарланған. Оқу-жаттығу түрлі күрделелік элементтерін қамти отырып, шынайы ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған.»Азаматтарды өткізілетін оқу іс-шараларына түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға, жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз», — деп мәлім етті терроризмге қарсы Астана қалалық штабы.






