Астаналық кәсіпкерлерге 2,3 млн теңге қайтарылды
Архивтегі сурет
© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылдыАСТАНА, 27 қаңтар – Sputnik. Прокурорлардың тексерісінен кейін елорданың 75 кәсіпкеріне 2,3 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.Мемлекеттік сатып алу барысында кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына талдау жүргізілген. Оның нәтижесі бойынша медициналық мекемелер 75 бизнес субъектісіне 2,3 млн теңгеден астам сомаға кепілдіктерді қайтармағаны анықталды.Мемлекеттік сатып алу туралы заңның нормаларына сәйкес, тапсырыс беруші жеткізушіге кепілдік төлемді өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарады.Сарыарқа ауданы прокуратурасының прокурорлық қадағалау актісі негізінде кәсіпкерлерге келісімшарт сомасының 3% мөлшерінде кепілдік төлем қайтарылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.ҚТЖ кәсіпкерлерге негізсіз талаппен кедергі келтірген1 Желтоқсан 2023, 16:00






