Спoрт

Australian Open-2026: Рыбакина төртінші кезеңге шықты

Елена Рыбакина © Photo : Официальная страница Australian Open в соцсетях Жазылу

Қазақстан теннисшісі Ролан Гаррос чемпионын ұттыАСТАНА, 24 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA №5) Australian Open-2026 турнирінің төртінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды 1bol.kz.Мельбурндегі жарыстың 1/16 финалында Рыбакина чехиялық Тереза Валентовадан (№54) басым түсіп, кездесуді 6:2, 6:3 есебімен аяқтады.»Матч 1 сағат 23 минутқа созылды. Кездесу барысында Рыбакина төрт эйс жасап, бір ғана қос қателікке жол берді. Ал 18 жастағы Валентова төрт эйсті сәтті орындағанымен, сегіз қос қателік жіберді», — деп жазылған хабарламада.Айта кетейік, Тереза Валентова — өз қатарластары арасында ең дарынды теннисшілердің бірі. Ол жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингтің топ-4 қатарына енген, сондай-ақ 2024 жылы Ролан Гарроста жекелей және жұптық сында жеңіске жеткен.26 жастағы Елена Рыбакинаның Australian Open турниріндегі ең үздік нәтижесі — 2023 жылғы финал. Ал өткен маусымда қазақстандық теннисші төртінші айналымға дейін жеткен болатын. Осылайша Рыбакина биыл да былтырғы көрсеткішін қайталап отыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»