Қоғам

Электронды еңбек биржасында жұмыс берушімен видео арқылы сөйлесуге болады

Архивтегі сурет© Photo : CC0 / picjumbo_comЖазылуЖаңа функция тегін және жеке кабинетте қолжетімдіАСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Электронды еңбек биржасы – Enbek.kz порталында жұмыс берушілер өз түйіндемесін орналастырған жұмыс іздеушілермен бейнеәңгімелесу өткізуге мүмкіндік алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Енді Enbek.kz порталында бейнеәңгімелесу өткізу үшін жұмыс іздеуші мен жұмыс берушіге қосымша қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ. Бұл функция тегін және жеке кабинетте қолжетімді.»Жұмыс беруші бейнесұхбат өтетін күн мен уақытты белгілеп, жұмыс іздеушіге шақыру жібереді. Жұмыс іздеушінің электронды поштасына бейнеқоңырауға қосылуға белсенді сілтеме көрсетілген шақыру келеді. Егер ол сұхбаттасудың осындай форматына дайын болса, онда тек белгіленген уақытта бейнеқоңырауға қосылу жеткілікті», — деп түсіндірді министрліктегілер.Бейнесұхбаттан өту үшін үміткер компьютерге камера мен микрофонды қосып, жұмыс берушімен сұхбат кезінде техникалық ақауларды болдырмау үшін интернет байланысының тұрақтылығын тексеріп алғаны жөн.Enbek.kz порталындағы бейнеәңгімелесу форматы жұмыс берушіге уақытты үнемдеуге, егер кандидат сапарда болса, көп сатылы іріктеу кезеңінде кездесуді кейінге қалдырмауға, сондай-ақ бос жұмыс орнын толтыру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.ҚоғамЖұмыс берушілер кімдерге 700 мың теңгеден жоғары жалақы төлеуге дайын17 Шілде, 12:10

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»