Қоғам

Жәңгір хан атындағы университет қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Архивтегі сурет© Fotolia / CapifruttaЖазылуҒалымдар зерттеу жүргізуге бөлінген ақшаны жымқырды деген күдікке ілініп отырАСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлері қаражат жымқырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай мәлімдеді.Оның айтуынша, ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін осы университетке 55 млн теңге бөлген. Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.»Алайда университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстар туралы жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған», — делінген хабарламада.Прокуратураның тапсырмасымен қылмыстық істі экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.ҚоғамБас прокуратура қаржы пирамидасының басшысын Украинадан экстрадициялады12 Қазан, 16:28

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»