Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото
Sputnik Қазақстан тілшілерінің хабарлауынша, бүгін Алматы көшелерінде адам көп емес, жолдарда көлік кептелісі жоқ. Алайда түнде қаладан кеткен тұрғындардың көбі мегаполиске оралуға асықпайды.
1/11?share-img=41755314″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Sputnik Қазақстан тілшілерінің хабарлауынша, бүгін Алматы көшелерінде адам көп емес, жолдарда көлік кептелісі жоқ. Алайда түнде қаладан кеткен тұрғындардың көбі мегаполиске оралуға асықпайды.
?share-img=41755296″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері жер сілкінісінен қауіптеніп, алматылықтарды қауіпсіз жерлерде болуға шақырды. Суретте: түнгі жер сілкінісінен кейінгі Алматы.
?share-img=41755425″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "СТӘК" ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Суретте: түнгі жер сілкінісінен кейінгі Алматы.
?share-img=41755317″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
"112" құтқару қызметінен ескерту хабарламасы келмеген.
?share-img=41755330″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.
?share-img=41755341″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 15,1. Магнитудасы – MPV 6.7. Ошақ тереңдігі 65 шақырымды құрайды.
?share-img=41755324″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Сезілу бойынша ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматыда 4 балл.
?share-img=41752084″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.
?share-img=41752086″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Кейін жер сілкінісі туралы ресми есепке өзгерістер енгізіліп, сезілу деңгейі 5 балға дейін көтерілді. Суретте: қабылдау пунктеріне келген алматылықтар. Бостандық ауданы, № 93 мектеп, №191 эвакуациялық қабылдау пункті.
?share-img=41752088″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Алматыда жер сілкінісі кезінде адамдар көшеге жүгіріп шықты, 2024 жылдың 23 қаңтары.
?share-img=41748343″ data-title=»Жер сілкінісінен кейінгі Алматы көрінісі – фото»>
Дер кезінде ақпарат берілмеген және нақты іс-әрекет бойынша нұсқау алмаған алматылықтар дүрлікті. Кейбіреулер 2-ші және 3-ші қабаттан секіріп, жарақат алған.






