Инфографика

Қазақстан халқы қартайып жатыр: қай өңірде жасы үлкендер көп

Қазір 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 азаматтан келеді АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. 2023 жылы Қазақстанның қартаю индексі 29,5-ке жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,3 пайыздық тармаққа жоғары (2022 жылы 28,2), деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Бұл 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 29,5 азаматтан келеді деген сөз. Бес жыл бұрынғы деректермен салыстырғанда (2019 жылы 26,5), қартаю индексі айтарлықтай өскені байқалады.© SputnikҚазақстан халқы қартайып жатыр: қай өңірде жасы үлкендер көп Қазақстан халқы қартайып жатыр: қай өңірде жасы үлкендер көп © SputnikӨңірлер бойынша жіктегенде айтарлықтай айырмашылықтар бар: ең жоғары қартаю индексі Солтүстік Қазақстан облысында 72,9 деңгейінде тіркелді, одан кейін 71,8 көрсеткішпен Шығыс Қазақстан облысы және 62,1 көрсеткішпен Қостанай облысында тұр.Қартаю индексі ең төмен өңірлер арасында Маңғыстау облысы көш бастап тұр, мұнда 100 балаға 65 жастан асқан небәрі 14,3 азаматтан келеді. Төмен көрсеткіштер Түркістан облысында (14,9) және Шымкент қаласында (15,3) да тіркелді.Қалада қартаю индексі жоғары, 32-ні құрады, ал ауылдық жерде бұл көрсеткіш төмен – 25,8.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»