Қоғам

Қазақстандықтарға өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат тарап жатыр –министрлік

Архивтегі сурет© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу

Хабарламада көрсетілген сілтемеге өткен кезде адамдардың жеке деректері ұрлануы мүмкінАСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желіде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарға өтемақы төлейді деген ақпарат тарап жатыр. Ведомство мұның фейк екенін мәлімдеді.Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға еңбек министрлігі тарапынан өтемақы төленетіні туралы жалған ақпарат таратылып жатыр. Тағайындалған қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады.»Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз», — деді министрліктегілер.Ведомство атап өткендей, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарлама арқылы таратылады.Еңбек министрлігі азаматтардан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады және жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.Қарағандыда 13 жыл бұрын туған бала туралы деректер жалған болып шықты21 Ақпан, 18:33

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»