Қоғам

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы

Человек считает деньги © Sputnik / Абзал КалиевЖазылуМемлекеттік жәрдемақыны төлеу кезінде отбасының табысы ескерілмейдіАСТАНА, 14 желтоқсан – Sputnik. Жыл басынан бері орта есеппен 540,8 мың көпбалалы отбасы жалпы сомасы 376,6 млрд теңге мемлекеттік жәрдемақы алды. Соның ішінде қараша айында 557,3 мың отбасыға 37,2 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға бірге тұратын 4 және одан көп кәмелетке толмаған немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді:4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге.Естеріңізге сала кетейік, көпбалалы отбасыларға табысты есепке алмай берілетін мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы1 қаңтардан бастап енгізілді.2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ға артты.Келесі жылы индекстелген зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге 5,4 трлн теңге бөлінеді1 Қараша, 17:18

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»