Талдықорған полициясының бастығы қыз зорлады деген күдікпен ұсталды
Архивтегі сурет
© Photo : polisia.kzЖазылуКүдікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде қылмысқа барғанАСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Талдықорған қалалық полициясының бастығы 27 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталды.»Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол облыс орталығының 27 жастағы тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді», — деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаменті.Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі (Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар жасалады.Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.Қылмыстық істі тергеу ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, деп атап өтті полиция департаменті.Қостанай облысында полицей әйелін пышақтап өлтірді3 Қараша, 19:19






