Тоқаев Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын растады
/ Медиабанкке өтуПрезидент Владимир Путин встретился с президентом Казахстана Касымом-Жомартом Токаевым
© POOL / Медиабанкке өтуЖазылу
Владимир Путин мамыр айының соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға мемлекеттік сапармен келедіАСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин телефон арқылы әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады Ақорда.Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.»Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады», — деп жазылған хабарламада.Ал Кремльдің баспасөз қызметі Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысатынын растағанын жазды.Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентін осы іс-шара аясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған.»Шақыру ризашылықпен қабыл алынды», — делінген хабарламада.






