Тоқаев Трамппен телефон арқылы сөйлесті
Здание Акорды© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткіздіАСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.»Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады», — деп жазылған хабарламада.Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті болып сайланды6 Қараша, 12:24