Тоқаевқа ЮНЕСКО бас директорынан хат келіп түсті
Резиденция президента Казахстана Акорда
© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу
Халед әл-Анани ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растадыАСТАНА, 16 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Ананиден хат келіп түсті, деп хабарлады Ақорда.ЮНЕСКО бас директоры Халед әл-Анани хатында осы жоғары лауазымға тағайындалуымен арнайы құттықтағаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдірген.»Халед әл-Анани Ұйымның білім, ғылым, мәдениет, коммуникация және ақпарат салаларындағы негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға бейілдігін атап өтті», — деп жазылған хабарламада.Сонымен қатар ЮНЕСКО бас директоры ортақ құндылықтарды ілгерілету жолында Қазақстанмен тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға әзір екенін растады.Маңғыстаудың жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне енгізіледі22 Қыркүйек, 15:48






