Қоғам

200 теңгелік қағаз ақшаны қабылдамай жатыр – Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Архивтегі сурет© Sputnik / Тимур БатыршинЖазылуАСТАНА, 27 шілде – Sputnik. Ұлттық банк 200 теңгелік банкнота мен монета заңды төлем құралы және қабылдануға міндетті екенін мәлімдеді.»Номиналы 200 теңгелік банкноталардың қабылданбай жатқаны туралы арыз-шағымға байланысты Қазақстан Ұлттық банкі олардың заңды төлем құралы саналатынын еске салады. Бұл банкноталар Қазақстанның барлық аумағында кез келген төлем түрі бойынша қабылдануға міндетті», — деп хабарлайды Ұлттық банк.Қазақстан аумағында ұлттық валюта банкноталары мен монеталарын белгіленген құнына қарай қабылдаудан бас тартқандар «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 206-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылады.Сондай-ақ Ұлттық банк номиналы 200 теңгелік жаңа банкноталарды айналымға шығармағанын атап өтті.»Айналымдағы 200 теңгелік банкноталар заңды күшін жойған жоқ әрі тозығы жеткенде ғана айналымнан шығарылып, 200 теңгелік монеталармен ауыстырылады», — деп түсіндірді Ұлттық банк.Қосымша сұрақтар туындаса, 1477 нөмірі арқылы Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.ҚоғамТеңгеде Ұлттық банк төрағасының қолы қайтадан пайда болады11 Шілде, 12:06

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»