4-сынып оқушысы өзіне қол салмақ болған: арнайы жұмыс тобы құрылды
Архивтегі сурет
© Sputnik / Ксения ВоронинаЖазылуМинистрлік пен облыстық білім басқармасының өкілдері бала оқитын мектепке бардыАСТАНА, 12 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысында 10 жастағы оқушымен болған оқиғаға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті.Бұған дейін БАҚ-та Алматы облысында құрдастары тарапынан буллингке ұшыраған 4-сынып оқушысы өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы ақпарат тарады.
"Осы жағдайға байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында оқу-ағарту министрлігінің, Алматы облысы білім басқармасы басшылығының өкілдері бала оқитын мектепке жедел тәртіппен барды", — делінген хабарламада.
Бұл жағдай оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бақылауында.Комитет атап өткендей, жуырда балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алудан қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар қабылданды.Бір оқушы көз жұмып, сегізі ауыр жарақат алды: Ақтөбеде директор орынбасары сотталды12 Тамыз, 10:59






