Жеңіске тағзым

Алматыда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне берілетін төлем мөлшері өседі

102-й день рождения отметил ветеран ВОВ в Алматы© Photo : пресс служба Алматинского гарнизонаЖазылу

Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрадыАСТАНА, 28 сәуір – Sputnik. Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі, деп хабарлайды қала әкімдігі.Әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен Алматыда Жеңістің 80 жылдығына орай төлем мөлшері ұлғайтылды:Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5 миллион теңгеден;Тыл еңбеккерлеріне — 100 мың теңгеден (бұған дейін 50 мың теңге еді) беріледі.Бұл шешім Алматы қалалық Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында бірауыздан қабылданды.Барлық төлем автоматты түрде аударылады — арнайы өтініш берудің қажеті жоқ.Алматыда 21 Ұлы Отан соғысы ардагері және 6 149 тыл еңбеккері тұрады.Айта кетері, 2022 жылдан бері Алматыда ардагерлерге берілетін бір реттік төлемдер жыл сайын көбейтіліп келеді. Былтыр ардагерлерге 2 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілген болатын.Жеңістің 80 жылдығыАстанада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілді12 Сәуір, 09:33

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»