Жеңіске тағзым

Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті

Алматыда ұландар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті © Photo : Ұлттық ҰланЖазылу

Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққанАЛМАТЫ, 28 наурыз — Sputnik. Алматыда Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында отставкадағы полковник Қамбар Сәрсеновтың үйіне барып, ардагерді мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Ұлттық ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі. © Photo : Ұлттық ҰланАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсеттіАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті© Photo : Ұлттық ҰланҚамбар Әмірұлы әскерге 1942 жылы 12 тамызда шақырылды. Майдангер соғыс жылдары үш рет жараланады. Калинин облысын, Белоруссияны, Латвияны, Литваны, Польшаны азат етуге қатысқан. Кенисбергте жаралануына байланысты демобилизацияланды.Майдангер I және II дәрежелі Ұлы Отан соғысы, II және III дәрежелі «Даңқ», «Қызыл Жұлдыз», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» орден-медальдарымен наградталған.Ардагер Ішкі істер министрлігінде 33 жыл қызмет атқарып, сол жерден зейнетке шыққан. Кездесу барысында соғыс ардагері Қамбар Әмірұлына алғыс хат пен сый-сияпат табысталды.© Photo : Ұлттық ҰланАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсеттіАлматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті© Photo : Ұлттық ҰланМайдангердің үйінің алдында әскери оркестр аты аңызға айналған «Жеңіс күні», «Славянмен қоштасу» марштарын, «Смуглянка» және «Катюша» композицияларын орындады. Сондай-ақ ұландықтар батыр ардагердің үйінің алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті.Ұлы Жеңістің 80 жылдығыАқмола облысында соғыс ардагері 100 жасқа толды22 Наурыз, 19:51

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»