Елорда тынысы

Астанада жаңажылдық отшашуды қайдан тамашалауға болады

Салют в Астане ко Дню Республики© Sputnik / Санат ИмангалиевЖазылу

Отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырыладыАСТАНА, 30 желтоқсан – Sputnik. Астанада 31 желтоқсанда сағат 00.00-де мерекелік жаңажылдық отшашу болады, деп хабарлайды, елорда әкімдігінің ресми сайты.Әкімдіктің мәліметінше, отшашу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ және «Атырау» көпіріне іргелес аумақ. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.Сол сияқты жаңа жыл қарсаңында 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға дейін қаланың үш жерінде мерекелік іс-шаралар өтеді.31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңажылдық мерекелік концерттер өтеді.Жаңа жылға арналған мерекелік бағдарлама сонымен қатар Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Промышленный елді мекені және «Көктал» саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында өтеді.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»