Елорда тынысы

Астанада көлік қозғалысына арналған жаңа көпір 30 қазанда ашылады

Архивтегі сурет© Photo : Пресс-служба акима Астаны ЖазылуЕртең, 25 қазан күні көпір үстінде сынақ жұмыстары басталадыАСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы жаңа көпір 30 қазан күні ашылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Көпір – сегіз жолақты, яғни төртеуі бір жағында, қалған төртеуі екінші жағында.Көпір үстінде сынақ жұмыстары 25 қазан күні басталады. Көпір статикалық жүктемемен сыналады – кезең-кезеңімен арнайы техникалар (30 тонналық самосвалдар) пайдаланылады. Көпірдің жай-күйін бақылап, жағдайды назарда ұстау үшін қажетті көрсеткіштер беретін сенсорлар орнатылады.»Осылайша, жүргізушілер үшін қозғалыс 30 қазанда ашылады. Ал абаттандыру жұмысы көктемде аяқталады», — делінген хабарламада.Әкімдік жаңа көпір өзге көшелерге түсетін жүктемені едәуір жеңілдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен байланыстырады.Астанада тегін автотұрақтың абонементін қалай алуға болады20 Қазан, 17:41

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»