Бір жасар сәби де бар: Батыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза болды
/ Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖазылуЖеңіл көлікте кәмелетке толмаған төрт бала отырғанАСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан алты адам, соның ішінде төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.Жантүршігерлік жол апаты 17 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды.Теректі ауданы Бекей кентінің жанында республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолының 290-шақырымында DAF ауыр жүк көлігі мен Lada Priora соқтығысқан.Жол апаты салдарынан 6 адам көз жұмды. Олар: 34 жастағы ер адам, 35 жастағы әйел, 11, 10, 5 және 1 жасар балалар.Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шекті.Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.ӨңірлерКөлік өртеніп кеткен: Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты19 Тамыз, 20:14






