Петропавлда бір отбасының үш мүшесі өлі күйінде табылды
Рука человека
© Sputnik / Табылды КадырбековЖазылу
Іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауындаАСТАНА, 29 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда бір отбасының үш мүшесін өлтірді деген күдіктілер ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.Полицияның мәліметінше, 28 желтоқсан күні сағат 13.25-те зорлық-зомбылықтың белгілері бар 3 адамның денесі табылғаны туралы телефон арқылы хабарлама келіп түскен.»Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс орталығының 2 тұрғынын ізін суытпай, ұстады. Күдіктілер Петропавл қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген полиция хабарламасында.Ведомство мәлім еткендей, іс Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы мен Полиция департаментінің бақылауында.Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.






