Эквадордағы қарулы қақтығыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
Эквадордағы тәртіпсіздіктер
© AFP 2024 / RODRIGO BUENDIAЖазылу
Консул қазақстандықтардың барлығымен хабарласып, байланыс орнатқанАСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Эквадорда тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.»Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 Қазақстан азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар», — делінген хабарламада.СІМ ақпаратынша, консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатқан. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді.»Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ», — деп мәлімдеді ведомстводағылар.






