Қоғам

Елімізде орташа зейнетақы қанша

Тенге, деньги© Sputnik / Владислав ВодневЖазылу

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге зейнетақы төленгенАСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 61,8 млрд теңге.» 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге», — делінген хабарламада.Қазір республикадағы зейнеткерлер саны – 2 млн 383 мың адам.Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»