Спoрт

Футболдан Қазақстан құрамасы шешуші ойынды өткізу үшін Люблянаға ұшып барды

Футболдан Қазақстан құрамасы шешуші матчты өткізу үшін Люблянаға ұшып барды© PhotoЖазылуШешуші ойын қарашаның 20-сынан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те Стожице стадионында өтедіАСТАНА, 19 қараша – Sputnik. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы ЕУРО-2024 іріктеу кезеңіндегі ең маңызды матч қарсаңында Словения астанасы Любляна қаласына келді.Ұлттық құрама өзінің әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында елдің команда ойыншыларының суреттері мен видеоларын жариялады.Команда 19 қарашада баспасөз мәслихатын және жаттығу өткізеді деп жоспарланған.Шешуші ойын қарашаның 20-сынан 21-іне қараған түні Астана уақытымен 01:45-те Стожице стадионында өтеді. Егер Қазақстанның ұлттық құрамасы бұл ойында жеңіске жеткен жағдайда, команда өз тарихында алғаш рет футболдан Еуропа чемпионатына жолдама алады.Еске салсақ, ЕУРО-2024 додасына жолдама аясында өткен ойында біздің команда Сан-Марино командасын 3:1 есебімен ұтты. Словения бірер күн бұрын даниялықтардан 2:1 есебімен ұтылды. Бұл Қазақстанның ұлттық құрамасына Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін тартысқа түсуге мүмкіндік беріп отыр.

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»