Хакерлердің жаңа айласы: қазақстандықтардың жеке деректері ұрлануы мүмкін
/ Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуЖазылуХакерлер жалған NCALayer интернет-ресурсын ойлап тапқан, оны ашқан кезде компьютерге зиянды бағдарлама орнатыладыАСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ қазақстандықтарға хакерлердің жаңа айласы туралы ескертті.Бүгінде мемлекеттік қызметті алуға өтінімге қол қою үшін NCALayer қосымшасы қолданылады.Мемлекеттік техникалық қызмет осы бағдарламаның фишингтік hxxps://ncalayer.info/update.php интернет-ресурсын анықтаған. Сілтемені ашқан кезде NCALayer-ді жаңарту үшін «Trojan Downloader» зиянды бағдарламасы жүктеліп, іске қосылады.»Салдарынан қаскөйлер пернетақтада терілген ақпаратты оқуға, парольдерді, соның ішінде браузерлерден ақпарат алуға, сондай-ақ үшінші тарап қолданбаларын орнатуға мүмкіндік алады», — деп мәлімдеді МТҚ.»Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мұндай бағдарламаларды жүктемеуге, орнатпауға және күдікті сілтемелерге өтпеуді сұрады.»Бұл сіздің жеке ақпаратыңызға қауіп төндіруі мүмкін», — деп ескертті олар.KZ-CERT домендік атаудың шетелдік тіркеушісіне қажетті шараларды қабылдау туралы ақпарат жолдады.МТҚ атап өткендей, электронды цифрлық қолтаңба үшін қажет NCALayer бағдарламасын мына ресми интернет-ресурстен https://ncl.pki.gov.kz/kz/ орнатып алуға болады.





