Қоғам

«Қазақстан» шахтасында өрттен қаза тапқан үш кеншінің аты-жөні жарияланды

Қаза болған шахтерлер© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской области ЖазылуАЛМАТЫ, 19 тамыз – Sputnik. АрселорМиттал Теміртау «Қазақстан» шахтасында көз жұмған үш кеншінің аты-жөнін жариялады.Стешин Денис Геннадьевич, 1978 жылғы, 4 разрядты жерасты үңгушісі, еңбек өтілі 21 жыл;Бургун Виктор Сергеевич, 1966 жылғы, 5 разрядты жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл;Слюньков Виталий Владимирович, 1965 жылғы, жерасты электршебері, еңбек өтілі 39 жыл.»Тағы екі шахтерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі сәтте тау қазбасында іздеу бойынша қосымша жоспар жасалуда», — деді компанияның баспасөз қызметіндегілер.Еске салсақ, 17 тамыз сағат 10.05-те «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. ТЖ кезінде жер астында 227 болған, 222 кенші құтқарылды. Үш адамның денесі табылды, тағы екеуі іздестіріліп жатыр.Қылмыстық кодекстің 277-бабы 3-тармағы «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді.Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда апат болған шахтаға барды. Үкімет басшысы қаза болған кеншілердің отбасына мемлекет пен жұмыс беруші тарапынан қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.ҚоғамСмайылов шахтадағы апатқа кім кінәлі екенін айтты16:24

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»