Салық органының қызметкері декларация тапсыруға келген адамдардың атынан кредит алған
Архивтегі сурет
© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу
Алаяқ салықшы қылмыстық жауапкершілікке тартылдыАСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қосшы қаласында салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды.Ақмола облыстық прокуратурасының ақпаратынша, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыруға шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп алған. Сосын жәбірленушілердің атына онлайн микрокредит рәсімдеп, ақшаны өз шотына аударған.»Қосшы қаласы прокуратурасының нұсқауын орындау барысында алаяқ анықталып, Қылмыстық кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша жауапқа тартылды», — делінген хабарламада.Облыстық прокуратура азаматтарға түрлі қаржылық операцияларды жүргізу кезінде сақ болуды ескертті.Не ақша, не тауар жоқ, бірақ кредит бар – Астана тұрғыны20 Ақпан, 08:26






