Шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны 32 адамға жетті
Апаттан зардап шеккен кеншілердің туыстары
© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаЖазылу14 кеншіні іздеу жұмыстары жалғасып жатырАСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы апаттан қаза тапқандар саны туралы жаңартылған деректерді жариялады.»Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша Костенко атындағы шахтада қаза тапқан 32 адамның мәйіті табылды, 14 кеншіні іздеу жалғасуда», — деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қарағанды облысындағы шахталар жұмысын тоқтатқанын мәлімдеді.»АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы алдағы бірнеше күнге тоқтатылды», — делінген хабарламада.Компаниядағылар атап өткендей, осы уақыт ішінде газдан қорғау бойынша тексерістер жүргізіледі.Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.Қоғам»АрселорМиттал Теміртау» біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев15:12






