Қоғам

«Қазақстан» шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ – ТЖМ

Архивтегі сурет© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаЖазылуАСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысында құтқарушылар «Қазақстан» шахтасындағы тілсіз жаумен әлі күресіп жатыр.»Қазіргі уақытта тау-кен құтқарушыларының негізгі күш-жігері Д-6 көмір конвейерінің еңісіндегі қалған өрт ошақтарын сөндіруге бағытталған. Жұмыстарға тау-кен құтқарушыларының екі бөлімшесі жұмылдырылған», — делінген ТЖ министрлігінің хабарламасында.ТЖМ басшысымен өткен кеңесте «қатты түтін, көптеген өрт ошағы, үлкен тереңдіктегі қазбалардағы жоғары температура жағдайында жүргізілетін жұмыстардың төтенше қауіптілігі» аталып өтті.Еске салсақ, 17 тамызда сағат 10.05-те «Қазақстан» шахтасында конвейерлік лента өртенді. Төтенше жағдай кезінде жер астында 227 кенші болған, оның 222-сі жер бетіне шығарылды. Қалған бес шахтер қаза тапты.Зардап шекккен 11 кенші Қарағанды облысының ауруханаларына жатқызылды.Премьер-министр Әлихан Смайылов 19 тамызда «Қазақстан» шахтасына барды. Үкімет басшысы кеніштегі апатқа тікелей кәсіпорын иелері кінәлі екенін мәлімдеді.Қоғам20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» аза тұту күні болып жарияланды10:21

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»