Жалған техникалық байқау үшін айыппұл мөлшері 517 мың теңгеге дейін өседі
/ Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуЖазылуЖыл басынан бері техникалық байқау өткізетін 350 оператордың қызметі тоқтатылғанАСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстанда техникалық байқау операторларына жалған техникалық байқау өткізгені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 15 есе ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік министрінің міндетін атқарушы – азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, уәкілетті орган жалған техникалық байқаулардың күшін жою бойынша заңнамалық тетік әзірледі.»Автомобильдердің жай-күйін назарға ала отырып, техникалық байқау операторларына көліксіз техникалық байқау жүргізгені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 10-нан 150 АЕК-ке дейін (517 500 теңге) ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай-ақ көлік иелеріне жалған техникалық байқаудан өткені үшін және операторға техникалық байқауды ұйымдастыру әрі өткізу қағидаларын бұзғаны үшін айыппұлдар енгізіледі. Айыппұл мөлшері тиісінше 5 және 150 АЕК болады», — деді Ластаев үкімет отырысында.Ол жыл басынан бері Қазақстанда техникалық байқаудан өткізетін 350 оператордың қызметі тоқтатылып, айыппұл салумен 131 әкімшілік материал рәсімделгенін атап өтті.Индрайвер жүргізушілеріне рөлде 8 сағаттан артық отыруға тыйым салынуы мүмкін11:58






