Жел күшейіп, қар жауады: 11 наурызға ауа райы болжамы
Архивтегі сурет
© Sputnik / Абзал КалиевЖазылу
Республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы боладыАСТАНА, 17 ақпан – Sputnik. «Қазгидромет» РМК мамандары ертең, 11 наурыздағы ауа райы болжамын бөлісті.Синоптиктердің болжамынша, елдің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Яғни, жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі және жел күшейеді.
Мегаполистердегі ауа райы
АстанаКөшпелі бұлт шығады, қар жаууы мүмкін. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 3-5 градус аяз.АлматыТүнде көшпелі бұлт жүріп, жаңбыр жауады және тұман түседі. Күндіз жауын-шашынсыз, күн ашық болады. Жел екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0 +2 градус, күндіз +10 +12 градус жылы.ШымкентКүндіз және түнде көшпелі бұлт жүреді, күн ашық болады. Жел екпіні 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +2 +4, күндіз +16 +18 градус жылы.ӨңірлерАлматы облысында тікұшақпен қар көшкіні мен су тасқыны учаскелері анықталды13:15






