Жеңістің 80 жылдығы: 500-ден астам көшеге елеусіз қалған қаһармандардың есімі беріледі
Фотовыставка, посвященная 80-летию Победы
© Photo : Пресс-служба ЕЭКЖазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған қаһармандардың есімі берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Қазақстанда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен аталып өтеді.»Бірер күн бұрын менің тапсырмаммен Республикалық ономастикалық комиссия елді мекендердегі 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім қабылдады. Ең алдымен, жаңа және атауы қайталанатын көшелерге басымдық беріледі. Бұл шешім – Ұлы Жеңісті, оған қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам», — деді Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының бүгінгі сессиясында.Оның айтуынша, Ұлы Жеңіс туралы ұмытпау ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз.»Біз сол сұрапыл соғыс кезінде теңдессіз батырлық пен батылдық көрсеткен отандастарымызды әрдайым орасан зор құрметпен есте сақтаймыз», — деп атап көрсетті Тоқаев.Президент Жеңістің 80 жылдығына дайындық туралы осыдан бір жарым жыл бұрын айтқан болатын.Астанадағы мектепке Рақымжан Қошқарбаев есімі берілді8 Мамыр 2024, 15:18






