Оқиға

Қарағандыда шахтада апат болып, 11 кенші қаза тапты

Шахтадағы апатты жою бойынша жедел штаб© Photo : Пресс-служба акима Карагандинской облаасти ЖазылуБолжам бойынша лавада газ метаны жарылғанАСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада апат болды. Сағат 09:00-дегі жағдай бойынша 11 адам қаза тапты.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.»Бүгін Костенко атындағы шахтада өрт болып, 11 адам көз жұмды, әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға 18 адам жеткізілді», — деп хабарлады өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.Айтуынша, апат кезінде шахтада 252 адам болған, жер бетіне 205 шахтер шығарылды.Болжам бойынша лавада газ метаны жарылған.Жедел штаб құрылды. Оқиға орнына облыс әкімі мен прокуратура өкілдері барды.Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ қаза тапқандар мен зардап шеккендердің туыстарына көмек көрсететін 3 психолог тартылған.Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефондары жұмыс істейді: (8-7212) 49-72-70, 51-72-23.ҚоғамҚұтқарушылар «Қазақстан» шахтасында қаза болған бесінші кеншінің денесін тапты20 Тамыз, 09:04

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»