Қарағандыдағы апат: шахтадан 28 кеншінің денесі табылды
/ Медиабанкке өтуШахта
© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуЖазылуҚұтқарушылар он сегіз кеншіні әлі іздеп жатырАСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Қарағандыда Костенко атындағы шахтада болған апаттан қаза тапқандар саны өсті, деп хабарлайды ТЖ министрлігі.»Сағат 15.00-дегі жағдай бойынша 28 адамның денесі табылды, 18 кеншіні іздеу жалғасуда», — делінген хабарламада.»АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.Қоғам»АрселорМиттал Теміртау» біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды – Тоқаев15:12






