Қоғам

Қазақстанға келетін туристер қандай ұлттық тағамдарды ұнатады

Архивтегі сурет© Sputnik / Табылды КадырбековЖазылуСауалнама нәтижесіне сүйенсек, шетелдік қонақтар ет, бауырсақ және жентті сүйіп жейдіАСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Отандық туроператорлар шетелдік туристер арасында ең танымал 5 ұлттық тағамды атады, деп хабарлайды туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – ет. Ұлттық тағам еліміздің барлық қаласы мен демалыс орындарында беріледі. Туристердің талғамына сай жылқы, сиыр немесе қой етін асып береді. Ал Қазақстанның батысында балықтан жасалатын «фишбармақтың» дәмін татуға болады.Екінші орында – бауырсақ. Еліміздің әр өңірінде ұннан жасалатын өнімнің өзіндік рецепті бар. Ал оның ішіндегі «шибауырсақты» туристер өздерімен бірге кәдесый өнімі ретінде алып кетеді екен. Себебі оны тасымалдау өте ыңғайлы.Ал үшінші орында – қазы. Жылқының қабырға етін тұздап, бұрыш қосып жасалатын шұжық. Әдетте ет асқанда қазы бірге беріледі.Туристердің талғамы бойынша бұдан кейінгі орында ұлттық тәттілер – жент және қызыл ірімшік тұр. Көптеген кәсіпкер туристерге бұл десерттерді кішкентай, әдемі сыйлық жиынтықтарында кәдесый ретінде сатып алуды ұсынады.Қызыл ірімшік – тәтті сүзбе. Әзіл ретінде бұл тағамды «қазақстандық рафаэлло» деп те атайды. Ол әртүрлі тәтті ингредиенттері бар сүзбеден дайындалады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде бал, ал басқа өңірлерде қант немесе тосап қосып дайындайды.»Сондай-ақ тұтыну өнімі ретінде және кәдесый ретінде қазақстандық шоколад өте танымал. Біздің ұлттық тағамдарымызбен еуропалық және ТМД аумағынан келген туристер жақсы таныс және шетелдіктер тарапынан үлкен сұранысқа ие», — дейді министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.МәдениетҚазақстанға қыдырып келген туристер қанша теңге жарна төлейді28 Тамыз, 16:00

Дереккөз

Нажмите, чтобы оценить эту статью!
[Итого: 0 Средняя: 0]

Похожие статьи

Добавить комментарий

Кнопка «Наверх»