Қоспаев бастаған қылмыстық топтың мүшелері Солтүстік Кипрден елге жеткізілді – ҰҚК
ҰҚК қызметкерлері
© Photo : КНБ КазахстанаЖазылуАстанаға барлығы 7 адам жеткізілдіАСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6 қыркүйекте Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарын елге жеткізді.ҰҚК жүргізген операцияның нәтижесінде Солтүстік Кипрден Қазақстанға қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді. Бұған дейін оларға Қаржылық мониторинг агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері қорқыту және зорлық-зомбылық жасау арқылы кәсіпкерлердің мүлкін, олардың компаниялардағы үлестерін тартып алған, сондай-ақ көлеңкелі бизнеспен айналысқан.»ҰҚК операциясы аясында шетелдік әріптестермен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, топ қатысушыларының орналасқан жерлерін анықтау, сәйкестендіру және ұстау жөніндегі қажетті жедел іс-шаралар ұйымдастырылды», — делінген ҰҚК хабарламасында.Күдіктілер ҰҚК «А» арнайы мақсаттағы қызметі жауынгерлерінің айдауылымен Астана қаласына жеткізілді және қылмыстық қудалау органы қызметкерлеріне берілді.Қоғам»Қоспаев» қылмыстық тобының мүшелеріне елден қашуға көмектескен ер адам ұсталды24 Ақпан, 13:23






